Алматыда ОФ Азаматтық орталығының базасында «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҮЕҰ белсенді өкілдеріне арналған «Қоғамдық дизайн» тақырыбында «Жетілдірілген тренинг» бағдарламасы бойынша тренинг өткізді.
Білім беру бағдарламасының спикерлері шетелдік жаттықтырушылар болды: Лола Абдусалямова — Ұйымдастырушылық/институционалдық даму жөніндегі кеңесші. Eurasia қоры. Орталық Азиядағы Азаматтық қоғамды қолдау жөніндегі USAID бағдарламасы және Дамира Тоқтасынова — сарапшы, ЮНФПА жаттықтырушысы. Олар қатысушыларға әлеуметтік дизайн бойынша әдістемелік ұсыныстар берді. Күні бойы жергілікті ҮЕҰ өкілдері онлайн және офлайн форматта жобалық өтінімдерді бағалау ерекшеліктерін, әлеуметтік жобаны әзірлеу мен жүзеге асырудың қыр-сырын зерделеп, түйткілді жайттарды анықтап, оларға жан-жақты жауаптар алды.
«Әлеуметтік дизайн» нені қамтиды деген сұраққа Шымкенттегі ресурстық орталықтың басшысы, ілеспе жаттықтырушы Сара Имбарова жауап берді.
— Қоғамдастықтың қатысуы! Әлеуметтік дизайн көбінесе азаматтық белсенділікті дамытуға және қоғамдастықты біріктіруге ықпал ететін жобаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға жергілікті тұрғындарды тартуды қамтиды.
Осы тренинг арқылы қоғам белсенділері кедейлік, жұмыссыздық, білім мен денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділік сияқты мәселелердің дұрыс шешімдерін анықтауға және талдауға көмектеседі.
Және, әрине, жобалар ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін және адамдарға немесе қоршаған ортаға зиян келтірмейтін тұрақты шешімдерді жасауға бағытталуы керек.
Шара соңында Азаматтық орталықтың үйлестірушісі Дәулеталиева Айслу қатысушыларға сәттілік, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тіледі. Ол барлық тапсырмаларды адал орындаған, әрбір ұсақ-түйекті түсінуге тырысқан белсенді қатысушыларды сертификаттармен атап өтті.
ҮЕҰ үшін жүргізіліп жатқан білім беру курсының маңыздылығын атап өтіп, Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасына үкіметтік емес сектор мен қала белсенділеріне өз әлеуетін арттыру үшін құнды білім алуға бірегей мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.